Уәлиханов көшесіндегі «Ақбота» бөбекжайында «Көбелек» және «Балбөбек» ортаңғы топтарының арасында «Біз ептіміз, күштіміз» атты спорттық жарыс өткізілді. Спорттық жарыстың мақсаты салауатты өмір салтын ұстануға баулу жолында спортқа деген қызығушылығын арттыру болып табылды. Міндеті әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру де балалардың икемділігі мен ептіліктерін, мергендік пен шапшаңдылық қабілеттерін дамытуын арттыру болды.
Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым! – деп сайысымызды бастаймыз,-деп екі топ өздерінің ұрандарын, топ атауларын айтты.
Салауатты өмір салтын сақтаңыз,
Жаттығудан ешқашан да қашпаңыз.
Бөбекжайымыздың балалары
Парасатты, айбынды, болыңыздар
сіз сегіз қырлы, бір сырлы.
Топпен танысу - «Көбелек» тобының ұраны:
Спортпен достас, жалқаулықпен қоштас.
- «Балбөбек» тобының ұраны:
Бәріміз – біріміз үшін, біріміз – бәріміз үшін.
Балалар кедергілерден доппен өтіп, велосипедпен, самокатпен жарысты. Сайыс өте жақсы өтті, балалар қызығушылықпен ат салысты.
Спорт – көркі өмірдің,
Спорт - досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың, - демекші, салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік достар!