Тәрбиеші Каскырбаева Жулдыз Жугериевна ІІ ортаңғы «Көбелек» тобы балаларымен «Гүлдерге қамқорлық» тақырыбында әңгіме жүргізді. Баланы жас кезінен сұлулыққа, жақсылыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу әр тәрбиешінің алдына қойған мақсаты, сол себепті кішкентай балалармен әр кезде осындай әңгіме жүргізіп отырамыз. Жаз мезгілінде гүлдер құлпырып өседі, оларды жұлмау керек, қамқорлықпен қарау керек екені айтылды. Гүлдердің түрлерімен таныстырылды. Гүл жаз мезгілінің көркі, оны күтіп ұстау біздің міндетіміз. Бөбекжай ауласындағы гүлдермен таныстырып өтті. Гүлдерді уақытымен суарып, қоқыстан тазарту керек екені де айтылды. Оларды жұлуға болмайтыны да ескертілді. «Дала көркі — гүл» деген мақалға сүйене отырып, көркіміз гүлдерді қадір тұтып, жақсылап күтейік.