Текст
І ортаңғы "Балапан тобының тәрбиешісі Сипульдина Жазира Кайсаламовнаның ұйымдастыруымен балалар сумен тәжірибе жасады. Балалар қағазды түрлі-түсті етіп бояп, сол қағаздан құрттар жасады. Содан кейін құрттардың үстінен су құйып, құрттардың әр түрлі түске боялғанын байқады. Екінші тәжірибе бойынша мұнда да балалар гүл мен жүректің суретін салып бояп, үстіне су құйып қандай нәтижеге жеткендерін көрді. Балалар бүгінгі жасалған тәжірибеге қызыға қарап, ұнағаны сонша өздерінің көңіл-күйлерімен бөлісті.