Текст
ІІ ортаңғы «Көбелек» тобында тәрбиеші Каскырбаева Жулдыз Жугеривнаның жетекшілігімен «Жұптарын есіңде сақта» ойыны ойналды. Ойынды ойнар алдында берілген математикалық фигураларды естерінде сақтау керек екені айтылады. Сосын оларды стканмен жасырып қоямын. Бала есіне сақтаған жұптарды екеуін қатар ашып көрсетеді. Дұрыс шешкен жұптарды бала өзіне алады. Бұл ойында бала математикалық фигуралармен танысады, түстерді естеріне сақтайды. Жұптасып ойнауға үйренеді. Есте сақтау қабілеттерін дамытады. Балалар ойынды өте қызыға ойнады.