Текст
Мектеп жасына дейінгі балалардың білім деңгейін, ойындарды ойната отырып дамыту барысында ІІ ортаңғы «Көбелек» тобы балаларымен тәрбиеші Каскырбаева Жулдыз Жугериевнаның жетекшілігімен «Емхана» бұрышында «Дәрігер» ойыны ойналды. Бұл ойында балаларды жан – жақты дамыту, тіл байлығын жетілдіру, сөздік қорын молайту, үлкендер еңбегін құрметтеуге, жауапкершілікке, адамгершілікке тәрбиелеуде бір – біріне деген жағымды қарым – қатынас жасау, ой – қиялын одан әрі дамытуарқылы ойын кезінде ақ халатты абзал жандардың игі еңбегіне деген балалардың сүйіспеншілігін арттыру болып табылды. Ойынды ойнау барысында балалар дәрігердің сезімталдығы мен кішіпейілділігі, қамқорлығы сияқты жақсы қасиеттерін жеткізе білуге тәрбиелей аламыз.