ІІ ортаңғы «Көбелек» тобы балалары күннің екінші жартысында «Жолда сақ бол» бұрышында көліктермен ойындар ойнады. Ойынның мақсаты бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру, көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын, зейіндерін дамыту арқылы жолда жүру ережелерін меңгертуде көліктерді жарыстыру кезінде жол ережесін сақтау керек екені ескертілді. Мектеп жасына дейнгі кезеңде баланың ойлау қабілеті ой – өрісі ойын арқылы дамиды, сол себепті ойындар көп ойналады. Сол ойындардың бірі көліктер. Көліктермен ойнау кезінде балалардың бір –бірлеріне деген қарым – қатынастарын байқауға болады. Топпен ойнау кезіндегі баланың өзін өзі ұстауы, басқа балалармен қарым – қатынасын бақылауға болады. Көліктермен ойнау балаларға өте қатты ұнады.