Текст
МКҚК "Ақбота" бөбекжайының жоспарына сәйкес "Қарлығаш " тобында тәрбиеші Курмангазина Н.К басшылығымен "Бақытты отбасы" атты фото коллаж жасалды.
Адамзат баласы шыр етіп дүние есігін ашқан күннен бастап,сол ортаға бейімделіп ықпалына көніп ер жетеді. Бала бақыт, бала қуаныш, өмірді жалғастырушы, демеуші ата-ана тәрбиелеуші.
Әке асқар тау,
Ана мөлдір бұлақ,
Бала жағасындағы құрақ.
Әке мейірімі мен құшағын қандырып,ана сүтінен нәр алып,әке ұлағаты мен ана тағылымын көріп өскен ұрпақ елін,жерін,халқын сүйетін ұлт жанды тұлға болып қалыптасады. Отбасы-бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.