Мектепке дейінгі кезеңде бала қоршаған ортаны танып біледі. Баланың табиғатты танып білуге деген қызығушылығын оята отырып, педагог оны табиғатпен таныстырып,қана қоймай,оны түсінуге, өсімдіктер мен жануарларға қамқор болуға, табиғаттың сұлулығын сезіне білуге үйретеді. Баланың танымдық дамуы ойын барысында, табиғи нысандар мен құбылыстарға бақылау жасау, заттарды қарап, зерттеу. «Ақбота» бөбекжайының ІІ ортаңғы «Көбелек» тобының балалары да серуенге шыққанда әр түрлі ойындар ойнап, табиғат құбылыстарын бақылайды. Тәрбиеші Каскырбаева Жулдыз Жугеривнаның жетекшілігімен ІІ ортаңғы «Көбелек» тобының балалары серуен кезінде «Гүлге қонған көбелектер» ойынын ойнады. Қолдарына көбелектерді киіп гүлдерге қонып, олардың тамаша иістерін иіскеп, құлпырған құбылыстарға серуен жасады. Өздерін көбелекке теңеген балалар сондай қызығушылықпен ойынды ойнады. Гүлден гүлге қонған көбелек болып ойын жалғасты. Қанатымыз талмасын, әрқашанда биікке самғайық. Ойынды қызығушылықпен жалғастырды.