Текст
МКҚК "Ақбота" бөбекжайында "Нұрсауле" тобында тәрбиеленушілерімен тәрбиеші Есиркепова Балжан Жумадиллаевна " Астананы мақтан тұтамын" тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатында Нұрсұлтан қаласы туралы суреттер көрсетілді. Балалар Қазақстан Республикасының рәміздерін суреттен атап көрсете біледі. Осындай тәрбие сағаттары балалардың өз Отанына деген сүйіспеншілігін және мақтаныш сезімдерін тудырта отырып, яғни өз жерін құрметтеуді,сыйлау керектігін үйретеді. Балалар"Байтеректі" өз қолдарымен құрастырып жабыстырып шықты. Балалар тәрбие сағатына белсене қатысты.