Текст
МКҚК «Ақбота» бөбекжайы кіші «Нұрсәуле» тобының тәрбиеленушілерімен сабынды көпіршіктермен тәжірибе өткізілді. Бұл тәжірибенің мақсаты: Тәжірибе жасау арқылы сабын көпіршіктері туралы түсініктерін кеңейтуде зерттеу әрекеттерін, құралдарды ұқыптылықпен ұстау дағдыларынжәне өз беттерімен және бірігіп жұмыс істеуге қарым – қатынастарын қалыптастыру барысында балалардың сөздік қорын байыту, ой қабілеттерін дамыту болып табылды. Балалар суда сабынды езу, сабынды көпіршікті түтікпен үрлеу, сабынды суды бояулармен бояу,сабынды көбікпен сурет салу тәжірибелерін жасады. Тәжірибе соңында балалармен «Көпіршіктер» ойыны ойнатылды. Балалар қызығушылықпен ойынға қатысты.Балалар жақсы эмоция мен керемет көңіл күйде, қуанышты сезімде болды.