Текст
МКҚК "Ақбота" бөбекжайында "Қарлығаш" тобында қимыл-қозғалыс ойындары ойнатылды. Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті-ойын,сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев "Ойын ойнап,ән салмай,өсер бала бола ма?"-деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал ететін жетекші,басты құбылыстың бірі. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстарды ақиқат сырын ұғынып,еңбек дағдысына үйрене бастайды. Былайша айтқанда болашақ қайраткердің тәрбие жолы,тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді.