Текст
МКҚК «Ақбота» бөбекжайында «Күншуақ» тобы тәрбиеленушілерімен және «Фиксики» мультфильмі кейіпкерімен сабынды көпіршіктермен тәжірибе өткізілді. Тәжірибе жасау арқылы балалардың сабын көпіршіктері туралы түсініктері кеңейеді. Зерттеу құралдарын ұқыптылықпен ұстауға дағдыланады. Балалар суға суйық сабын және қант қосып араластырғанда сабын көпіршіктері пайда болғанын байқады. Осы кезде олардың қызығушылықтары пайда болды. Тәжірибе нәтижесінде пайда болған сабын көпіршігін түтікпен үрлеу арқылы сабын көпіршіктерін жасады. Тәжірибе соңында «Сабынды көпіршіктер» ойыны ойналды.