Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жарқыраған жаз

03.08.2022

Жаз келіп, күн шығып, дала жасыл кілемге оранып, әдемі гүлдер шығып жайқалуда. Төрт-түлік малдар төлдеп, балалар қошақан, бота, күшік қуып солармен күні-түні  қызық көріп ойнауда. Қалың киімдерін салып, жеңіл киімдерін іліп, су жағасына барып демалуға асығады. Далада көптеген шыбын шіркейлер, көбелектер, инеліктер шығады. Күн сәулесі адам жанын жылытып, әрбір жанға  көтеріңкі көңіл күй сыйлайды. Міне дәл осындай мезгілді балалар асыға күтіп «Жарқыраған жазды» армандайды. Бөбекжайдағы балалардың музыка оқу қызметін ұйымдастыратын  Жалманбетова Райхан Темирбулатовна осы тақырыпқа  тұспа -тұс келген III ересек «Еркетай» тобымен «Жайдары жаз» атты оқу-қызметін өткізді. Оқу қызметінің басты мақсаты балалардың жаз туралы ұғымын кеңейту, жаз айларының ерекшелігін ұғындыру, жаздай жайдары көңіл-күй орнату, татулыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу болды. Оқу қызметінде балаларға алдымен күннің көзінің пайдасы туралы түсіндіріліп, күннің шуағы бізге жылу беріп, күн барша тіршілік көзі екені өрбітілді.  Сондай -ақ балалар жаз мезгілі туралы өздерінің ойларын ортаға салып, әңгімеледі. Балаларға бұл тақырып ерекше көңіл-күй сыйлады. Кейін  балалар топқа бөлініп «Сиқырлы смайликтер» ойынын ойнады. Ойын барысында балалар ойын шартын бұзбай, өздерінің көңілді эмоцияларын еркін көрсете білді. Әрі қарай балалармен бірге жаз мезгілінің әдемі ғажайып жаратылысы көбелектер туралы «Сан түрлі көбелектер» атты  тапсырма орындап,  топ болып «Алақай, жаз келді!» әнін шырқады.  Оқу қызметі соңында балалар шеңбер бойына тұрып «Сен ерекшесің» атты сергіту сәтін жасады. Оқу қызметі ойдағыдай өтіп, мақсатқа қол жеткізілді. 

Просмотров: 135


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст