Текст
Дөңгелек шеңбердегі неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Щеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңбер көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Балалар Шеңберге тұрып, бір-біріне жақсы көре алатынын айтады, жақсылық пен жылулық сыйлай білуге үйренеді. "Ақбота" бөбекжайында музыка оқу қызметінде Шайкенова Әсемгүл Серғалиқызының ұйымдастыруымен кіші "Нұрсәуле" тобымен "Мейірлі жүрек" атты шаттық шеңбері жүргізілді. Балалар қағаздан жасалған жүрекшелерді ұстап, шеңбер бойында бір-біріне мейірім сыйлады. Сонымен қатар жүрекшелермен шағын қимылдар жасап биледі. Тақтада орналасқан үлкен жүрекке өздерінің жылулық,мейірім ретінде кішкентай алақандарын іліп шықты. Балалар белсенділік танытып қызыға орындады.