Сурет салу өнері және құм өнерінің ең басты айырмашылығы ол – сезіну болып табылады. Яғни, балапандарымыз тек құмның көмегімен берілген тапсырманы орындап қана қоймай , ең бастысы ұсақ және ірі қол моторикасын дамытады. Ойлау , қиял, зейін, есті факторы жұмыс атқара отырып дами түседі. Танымдық және психикалық процестер баланы өзін жайлы сезіндіріп шығармашылық белсенділігін арттырады. Құммен ойнау баланың ашуланшақтығын, агрессиясын, жылаңқылығын тоқтатады және бұл кезде қиялмен дамытып, балалардың эмоционалдық жай – күйіне жағымды ықпал етеді, даму және өзін – өзі дамыту үшін жақсы құрал болып табылады. Осы мақсатта МКҚК «Ақбота» бөбекжайы кіші «Нұрсәуле» тобының тәрбиеленушілерімен құм терапиясы бойынша жұмыстар жүргізілді.