Текст
МКҚК Ақбота бөбекжайының ересек "Еркетай" тобының тәрбиешісі Сураганова Асель Ерхатовнаның жетекшілігімен балалар табиғат бұрышындағы бөлме өсімдіктерінің жаңа түрлерімен танысып, оларға су құйып, жапырағын сүртіп, топырағын қопсытты. Осындай жұмыстардың мақсаты балалардың табиғат бұрышындағы бөлме өсімдіктері туралы білімдерін толықтыруда гүлдердің атауларын айтып, бір – бірінен ажырата білуге, тани білуге үйрету және күту ерекшеліктерімен таныстырубарысында бөлме өсімдіктерін қалай күту керектігін іс жүзінде көрсету арқылы еңбекқорлыққа баулу болып табылады.