Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Құлыншақ» тобының «Заманауи қара жорға» флешмоб биі

04.08.2022

«Өнер-өнегелі, ақылды адамдарды тәрбиелейтін құрал»- деп Кеңес педагогы В.А. Сухамлинский айтып кеткендей тәрбие үрдісінде өнерге аса көңіл аудару қажеттілігін атап көрсеткен болатын. Сол өнердің бірі – би өнері. Би бір сәттік қана билеу кезінде ғана өмір сүретін уақытша, өткінші өнер болғандықтан, би шығармашылығының тарихи қалыптасуын зерттеу өте күрделі. Өйткені ол өзінен кейін материалдық заттай ескерткіш қалдырмайды. Әр өнер адамзаттың ойын, сезімін, неше түрлі бүгінгі кешегі немесе тарихи фантастикалық оқиғаларды адамдарға өздеріне тән құралдармен, амал-тәсілдермен жеткізуге тырысады. Және әр өнер шартты болып келеді. Сол өнерлердің ішінде хореография өнері ерекше. Би – бұл өнер, әрі спорт, ал бимен әрдайым шұғылданатын болса ол денсаулыққа, әрі өзін жақсы сезінуге пайдалы. Би тек сырт келбетті ғана емес сонымен қатар ішкі дүниенің сана сезімін арттырады және түрлі зиянды заттардан аулақ болуға баулиды. Би өнері ішкі рухани әлемді ашады, адамды сұлулыққа тәрбиелейді, игі істерді оятады, адамгершілік идеяларды насихаттайды. Би адамның ішкі дүниесін байытып жанын тазартатын құдіретті өнер түрі деуге болады. Осы би арқылы балалардың өнерге сүйіспеншілігін, өмірге құштарлығын, еңбекке, іскерлікке ынтасын арттыруда жеке тұлғаның қалыптасуына би өнерінің әсері ерекше болмақ. Дәл осындай қарқынмен бүгінгі оқу қызметінде Райхан Темирбулатовнаның ұйымдастырумен «Құлыншақ» тобы «Заманауи қара жорға» флешмобін билеп үйренді. Үйрену барысында балалар қимылдарды тез ұғып,  өздерінің көңіл күйлерін дене бітімі арқылы білдіре білді.

Просмотров: 156


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст