Текст
МКҚК «Ақбота» бөбекжайы кіші «Нұрсәуле» тобының тәрбиеленушілерімен күннің екінші жартысында балаларға алақанмен жұмыс жасаудың тәсілдері көрсетіліп, түсіндірілді. Жұмыстың мақсаты түрлі- түсті барлық қол жетімді құралдар арқылы бейнелеуге деген қызығушылығын арттыру болып табылды. Алақанмен жұмыс жасау дағдыларын, ал түстер арқылы суреттің көңіл-күйінің өзгеретіні туралы білімдерін бекітуде балалар берілген тапсырманы аса қызығушылықпен және мұқият, тиянақты орындап шықты.