Текст
МКҚК «Ақбота» бөбекжайы кіші «Нұрсәуле» тобының тәрбиешісі Абдыкалыкова Дана Сериковнаның жетекшілігімен «Құстар - біздің досымыз» атты ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді. Алға қойылған мақсат балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейту барысында құстардың тіршіліктерін бақылауға уйрету, ауызша сөйлеу дағдысы мен тілдерін жетілдіру және құстарды қорғай білуге тәрбиелей отырып, сөйлеу барысында дауыс ырғағы мен қарқынын қадағалап отыру болып табылды. Құстардың ұясын бұзуға болмайды, әр дайым құстарға қамқор болып жүруіміз керек балалар, осыны естеріңе мұқият сақтаңдар,- деп ескерту, тыйымдар айтылды. Ағаштан жасалған құстың ұясын көрсете отырып, құстарға қамқорлық жасау керектігін түсіндірілді.