Текст
ІІ ортаңғы «Көбелек» тобының тәрбиешісі Каскырбаева Жулдыз Жугериевнаныың жетекшілігімен топтағы «Табиғат бұрышына» саяхат жасады. Табиғат бұрышындағы аңдармен танысып, гүлдерді күтіп баптау туралы түсінік алды. Бұрыштағы тірі гүлдерге су құйып, түбін қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жасанды гүлдердің жапырақтарын шаңнан тазартты. «Үй жануары ма, дала жануары ма?» дидактикалық ойыны ойналды. Балалар өте тамаша қызығушылықпен ат салысты.