Текст
ІІ ортаңғы «Көбелек» тобының тәрбиешісі Каскырбаева Жулдыз Жугериевнамен бірге балалар пазлдармен жұмыс жасады. Пазлдармен жұмыс жасағанда баланың ойлау қабілеті дамиды, қолдарының жұмыс жасауы жақсарады. Оны қалай құрастырамын, қалай жасаймын деп бала ойланады. Шешімін тауып әр затты орналастырады. Санайды, әдемі орналастырады. «Көбелек» тобының балалары да өздері құрастырып шықты. Жұмысы ұйымдасып ұқыпты, шапшаң топпен жұмыла бірге жасап шықты. «Жұмыла көтерген –жүк жеңіл» - дей келе, бірігіп істеген іс әрқашанды ұқыпты шығатынына көз жеткізді.