Текст
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының тәрбиешісі Сураганова Аселдің жетекшілігімен «Еркетай» ересек тобының тәрбиеленушілері мамандық иелері және олардың құралдарымен танысты. Басты мақсаты балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымын тереңдетіп, сүйіспеншілігін арттыруда сөздік қорларын молайту, тілдерін жаттықтыру барысында еңбекке құштарлықтарын оятып, үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу болып табылды. Балалардың білімдерін жетілдірумен қатар қызығушылығын оятып, әр түрлі мамандық иесінің костюмдерін киіп, құралдарын пайдаланып сюжеттік-рөлдік ойын ойнады. Сонымен қатар, қорытындылай келе шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында өздері ұнататын мамандық иелерінің суреттерін бояды.