Текст
І ортаңғы «Балапан» тобының тәрбиешісі Сипульдина Жазира Кайсаламовна балалармен бірге «Біз спортшымыз» атты эстафеталық жарыс өткізді. Эстафеталық жарысты бастамас бұрын, балаларға «Спорт-денсаулық кепілі» атты әңгіме жүргізді. Спорттың адамға пайдалы екені және әрқашан спортпен шұғылдану керек екендігі айтылды. Балалар берілген жаттығуларды бар ынтамен, шапшаңдықпен орындады. Допты дәл тигізуді үйреніп, әсіресе велосипедпен жүруді ұнатты. Балаларға жарыс қызықты өтті.