Балаларға музыканы оқыту оларға танымдық дамуы үшін өте қажет. Себебі, музыкалық оқыту әртүрлі теориялық және физикалық бағыттарды іске қосады. Балаларға музыканы үйретуді бастау үшін ең алдымен оларды оқуға ынталандыратын қарапайым әдістерді қолдану қажет. Алдымен білетін әндер арқылы, өз денесін құрал ретінде пайдалану және өздеріне ұнайтын әндерінің мәтіндерін жаттатқызу. Бірітіндеп балалар әр түрлі аспаптарға қызығушылық таныта бастайды, бірақ кішкентай балалар үшін ең көңілді әрі лайықтысы ұрмалы аспаптар болып келеді. Мысалы сылдырмақ, маракас, тұяқ және дабыл аспаптарды ерекше ұнатады.Бұл әр түрлі аспаптарда ойнауды бастау үшін кішкентай әуендер мен қарапайым ноталарды ойнай алатындай есте сақтауға қабілетті. Дәл осындай мақсатпен Райхан Темирбулатовна «Балбөбек» санаторлық тобымен «Жаз» туралы әннің сүйемелдеуіне аспаптар қосып көңілді ансамбль құрды. Балаларға бұл ансамбль қызықты болып, музыкалық ырғаққа сәйкес аспаптарды көңілді ойнады. Көтеріңкі көңіл күйлерін жайдары эмоциялары арқылы білдірді. Ең бастысы музыкада балалардың қызығушылықтарын құрметтеу бірақ оған музыканы үйренуге деген ынтасын сезіну үшін оған әртүрлі нұсқалар ұсыну өте маңызды.