Текст
МКҚК «Ақбота» бөбекжайы кіші «Нұрсәуле» тобының тәрбиеленушілерімен «Көліктер»тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді. ҰОҚ –нің мақсаты көлік түрлерін ерекшеліктеріне қарай топтастырып (жерде, суда, әуеде), атқаратын қызмет аясына қарай салыстыра білуге үйрету барысында көлік түрлерінің адам өміріндегі маңыздылығы туралы білімдерін бекіту және көлік мамандарының еңбегін бағалай білуге,құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады. ҰОҚ – нің қорытындысы ретінде «Не қайда жүреді?» дидактикалық ойыны ойнатылды. Шарты: Көлемді бейнелі сурет арқылы көліктердің жүру жолдарын тауып, көліктерді орналастыру.