Ырғақ өнерде де, өмірде де көп нәрсенің кілті болып табылады. Ырғақ жасанды емес, табиғи нәрсе, өнерге ғана емес, өмірдің өзіне де тән нәрсе. Балаларды сұлулыққа, әсемдікке үйрете отырып, ырғақ биіне баулу. Музыкалық ырғақтық қимылдар балаларды музыкада айтылғанды бастан кешіруге мәжбүр етеді. Олар музыкаға шаттану, қуану арқылы эмоциялық сезімге бөленіп, орындаушылық сапасын арттыруға ықпал етеді. Бала өзінің алдына қойған міндетін саналы түрде орындау арқылы бойында еріктік көрініс пайда болады. Бүгінгі оқу қызметінде «Құлыншақ» тобының балалары «Ритм та-та» атты музыкалық ырғақтық жаттығуын жасады. Ырғақтық жаттығу барысында балалар қимылдарды музыкаға сай орындап, бидегі образды дұрыс жасап шығуға тырысты. Музыкадағы жүріп тұрған әуен балаларды қуанышқа, шаттыққа ілестірді. Балаларға мұндай ырғақтық жаттығулар ерекше әсер қалдырды. Мақсатқа қол жеткізілді.