Текст
Бөбекжайымызда ұйқыдан кейінгі сауықтыру-шынықтыру шараларын жүргізудегі мақсат балалардың дене бітімдерінің дұрыс қалыптасуына, қан айналымының жақсаруына, балалардың табандарындағы нүктелерді оятуға арналған жаттығуларды жасату арқылы суық тиюге және майтабанға қарсы жаттығулар жасау арқылы балалардың денсаулығын нығайту, дене сымбатын жетілдіру, қимыл - қозғалыс дағдыларын дамыту және балалардың көңіл - күйін көтеру, мәдени - гигиеналық талаптарды орындау, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу болып табылады.