МКҚК «Ақбота» бөбекжайы, «Күншуақ» тобы тәрбиеленушілеріне әр қазақ үшін орны ерекше Абай атамыздың туған күніне орай тәрбие сағаты өткізілді. Дәл осы күні Абайдың туған күнін ел болып атап өту Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен 10 тамыз – АБАЙ КҮНІ болып жарияланды. Ұлы Абай Құнанбаевты ұлықтау арқылы халқымыздың ұлттық қадір-қасиетін, рухани-адамгершілік құндылықтарын, әдебиетіміз бен мәдениетімізді әлемге тағы бір қырынан кеңінен таныта білдік. Бұл мереке Абай Құнанбайұлының ұлылығын дүниежүзіне танытып қана қоймай, кемеңгер ойшыл, ұлы суреткердің уақыт талабын заманынан оза шауып түсінуі, дүниетанымы мен философиялық көзқарастарын тереңнен зерттеп, жаңаша танып-білуімізге келешек өсіп келе жатқан ұрпаққа жол салары сөзсіз.