Қазіргі би ырғақтарын меңгеру, машықтану баланың талғамын арттырып, дүниетанымын кеңейте түседі. Музыка ырғағына қосылып би билеу, баланың денсаулығынада пайдалы әсер етіп, оны дөрекі жағымсыз әдеттерден сақтандырады. Би тек қана дене жаттығулары емес жануарлардың, жәндіктердің құстардың қимыл әрекеттерін би арқылы көрсетеміз. Сапппен жүру, шеңберде жүру қимылдарын, марш жүрісі, жеңіл секіріп жүру арқылы көрсетіп жалғастырып отырамыз. Би баланы музыка тыңдауға, ырғақты сезініп, мәнерлі қимыл-қозғалыс жасай білуге тәрбиелеп, дене бітімінің сымбатты болуына жол ашады. Бүгінгі оқу қызметінде музыка жетекшісі РайханТемирбулатовна «Құлыншақ» тобының балаларына «Жұптық би» билетіп, өнерлерін шыңдады. Балалар әрбір биді қызыға ерекше сезіммен билеп көңілдерін көтерді.