Текст
"Ақбота" бөбекжайында Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне орай 5-12 қыркүйек аралығында
өтетін «Тіл- достықтың құралы» атты декаданың ашылу салтанаты өтті.
Мерекелік ашылу салтанаттында бөбекжай балалары әндер айтып, би билеп, қазақ, орыс, ағылшын тілдері туралы өлең шумақтар айтып, әр ұлттың ойындары ойналып мерекелік іс-шара өте тартымды өткізілді. Мерекелік іс-шараға ертегелер кейіпкерінің бірі Алдар көсе қонаққа келіп, мерекемен құттықтап,өзінің сиықырлы тақияларын алып келгені айтып, тақия астындағы сиықырларын бір-бірден көрсетіп балалармен бірге орындады.