«Ақбота» бөбекжайында Тіл мерекесіне орай ұйымдастырылған «Тіл мәтебесі – ел мәртебесі» атты апталықтың шымылдығы ашылды. Ашылу рәсімінде әр топ тәрбиешілері ұлт өкілдерін таныстырып, өнерлерін ортаға салды. Апталықтың ашылу соңы «Атамекен» әнімен аяқталды.
Тіл апталығының 2-ші күні «Если дружат люди – дружат языки» атты ортаңғы топтар арасында мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шарада балалар орыс тілінде тақпақ айтып, «Пусть всегда будет солнце» әнін шырқады. Сондай-ақ «Казахская родня» ойынын ойнап, «Фиксики» биін биледі.
Тіл апталығының 3-ші күні «Тіл татулық тірегі» атты ата-аналар арасында өткен көрмелер байқауы өтті. Байқауда ата-аналар әр ұлт өкілдерінің татулығы жайлы суреттерін ұсынды.
Тіл апталығының 3-ші күні ағылшын пәні бойынша «Еркетай» ортаңғы тобымен «A Magic Journey to Princess Jasmine» атты мерекелік іс- шара өткізлді. Балалар әр түрлі тапсырмалар орындап “Animals”, “Fruit”, “Colours” ханшайымды жағымсыз кейіпкерден босатып алды.