«Қош келдің, алтын күз!»
Көңілді қоңыр салқын саз жүдетіп.
Көз жетті кеткеніне жаздың өтіп.
Құлайды жапырақтар құба талдан,
Күрең күз құдіретіне тағзым етіп.
Күз. Жыл мезгілдерінің ішіндегі ең бір адамзат баласына көтеріңкі көңіл-күй мен тамаша әсер сыйлайтын ғажайып шақ. Онымен қоймай бірден бір еңбекке және ұйымшылдыққа баулыйтын мезгіл десе де болады. Жыл бойғы мол азығымызды да осы бір берекелі күз береді емес пе?! Осыған орай, сары желекке оранған Алтын күздің қақ ортасы қазан айының жиырма төртінші жұлдызында Уәлиханов көшесіндегі «Ақбота» бөбекжайында «Қош келдің, алтын күз» ертеңгілігі өтті. Ертеңгілікте кішкентай бүлдіршіндер «Күзге сәлем» әнін салып, «Жапырақтар», «Қайық» билерін билеп, Күз ханшайымымен ойын ойнап мерекенің мазмұнын аша түсті. Күз ханшайымы өзінің әкелген күздің сыйын таратып, балалармен келер жылға дейін денсаулық тілеп, қоштасты. Сондай-ақ, ата-аналар табиғи материалдар мен жемістерді пайдаланып, әртүрлі бұйымдар жасап, көпшілікті тәнті етті.
МКҚК «Ақбота» бөбекжайы
«Балапан» тобының тәрбиешісі
Айтжанова Алмагүл Сағындыққызы