1-ші қыркүйек 2022 жылы МКҚК "Ақбота" бөбекжайында "Білім күніне" орай "Қарлығаш" тобында тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: балаларға 1-қыркүйек күні-Білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Міне, балалар,осы күннен бастап бізде күнделікті іс әрекетіміз қызықты да көп нәрсеге үйренетін күндеріміз басталды.
Сендерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй,жаңа жетістіктер мен ұдайы ізденіс,
шығармашылық,мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін!
Бүгінгі күн сендер үшін үлкен үміттер күні болсын!
Шырылдаған тыным алмай!
Қоңыраудың үні қандай!
Мақсатына жете ме адам
Оқу оқып, білім алмай?!
Ғылымның көп тас қамалы
Ғалымдық та асқарлы
Бар білімнің нұр бастауы-
Балабақшадан басталады!