Текст
Музыка жетекшісі Райхан Темирбулатовна «Құлыншақ» тобының балаларымен оқу қызметін өткізді. Оқу қызметінің тақырыбы «Көңіл- күй жаттығулары» деп аталды. Басты мақсаты баланы қуана білуге, баланы өз айналасындағы жағымды істерді қабылдай білуге үйрету болды. Балалар оқу қызметінде бірнеше жаттығулар орындады. «Мен ғажаппын!» атты көңілді және көңілсіз смайликтерді көрсетіп эмоцияларын мимика арқылы білдіре білді. Сонымен қатар балалар қолдан жасалған шыны сылдырмақтармен «Тәтті дыбыстар» атты ырғақтар соқты. Осындай жаттығулар балалардың көңіл күйін игере білуге үйретеді.