МКҚК "Ақбота" бөбекжайында "Қарлығаш" тобында "Күннің көзі" атты жапсыру іс әрекеті өткізілді.
Мақсаты: Жаз мезгілінің табиғи ерекшеліктерін меңгеру. Балаларға күн туралы жалпы түсінік беру. Күннің адамзат үшін қандай пайдасы бар екенін,күнсіз тіршілік болмайтынын түсіндіру.
Мінекей жаз мезгіліде аяқталып қалды. Жаз бойы көңіл көтеріп ән айтып, би билеп өз еріктерімізбен қызық-қызық ойындар ойнадық. Жаз мезгілімен қоштасатын уақытта келіп қалды.Жаз мезгілінен өзімізге естелік ретінде шуағын шашқан күннің көзі атты ұйымдастырылған іс-әрекетімізді қағаз бетіне орналастырып жапсырамыз. Жұмысымызды орындау барысында сергіту сәтін орындап би билеп сергіп алдық.
Біз қандаймыз, қандаймыз
Шұғылалы таңдаймыз
Күлімдеген күндейміз,
Еш уайымды білмейміз.
Іс-әрекетіміздің соңында "Күннің көзімен жаңбыр" атты қимыл қозғалысты ойын ойнадық. Жұмысымыздың соңында көрме ұйымдастырдық.