Қараша айының 12-ші жұлдызы күні, яғни бүгін, мектепке дейінгі ұйымдар арасындағы, өзге ұлт балаларының, мемлекеттік тілдің мерейін үстем етіп, қолдану аясын кеңейту барысында, аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде мектепке дейінгі тәрбиеленетін өзге ұлт өкілдерінің бүлдіршіндер арасында "Балғын шақ-2019" байқауы өткізілді. Байқауға 10 үміткер қатысты.
"Балғын шақ" байқауына Циалковский көшесіндегі "Ақбота" бөбекжайының "Знайки" тобының тәрбиеленушісі Хомик Виолетта қатысып, Бас жүлдені жеңіп алды.Үмітімізді ақтаған Виолетта кішкентай кезінен бастап, қазақ тіліне деген қызығушылығы өте жоғары болғандықтан, байқауда өзін тілге деген құштарлығын, құзығушылығын жан-жақты көрсете білді. Виолетта қызымызға, болашақта шығармашылық табыс тілейміз!!!