Текст
Музыка жетекшісі Райхан Темирбулатовна IIl ересек «Еркетай» тобының балаларымен «Қасықтармен ырғақты соғу» атты музыкалық жаттығуын өткізді. Балалар жаттығуды ерекше қызығушылықпен орындады. Осындай музыкалық жаттығулардан балалардың көңіл күйлері көтеріліп, зейіндерін жандандыруға мүмкіндік пайда болады. Музыкалық жаттығулардың барлық элементтері музыкалық қимыл қозғалыс қабілеттерінің даму тәсілі ретінде ғана емес, сонымен қатар зейіннің есте сақтау қабілетінің, қалауының, шығармашылық қиялының, сондай-ақ босаңсу амалы, зейін аудару немесе көңіл күйін көтеру ретінде де пайдалануға мүмкіндік береді.