Адамзат мәдениеттiң негiзi — тiлде. Тiл — барша адамзаттың рухани кемелдiгiнiң белгiсi. Ол — адамдар арасындағы ғана емес, қоғамдағы барша қарым-қатынастың дәнекерi болатын құдiреттi құрал. Кез келген ұлттың ең басты ерекшелiгi оның ана тiлiнде жатыр. Ұлттың жаны мен жүрегi, ары мен ұяты, қазына байлығы мен атақ абыройы да тiлге байланысты екендiгi баршаға аян.
Аудандық Мәдениет үйінде тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған мектепке дейінгі мекемелерде өзге ұлт өкілдері балалары арасында өтетін аудандық «Балғын шақ» байқауы өтті.
Байқау ел болашағы бүлдiршiндерге мектепке дейiнгi тәрбие - бiлiм берумен қатар мемлекеттiк тiлдi үйрету, мемлекеттiк тiлдiң мерейiн үстем ету, қолдану аясын кеңейтiп, үздiксiз дамыту мен қолдану, жас ұрпақ санасына тiл құдiретiн, қасиетiн ұялату мақсатымен 5-6 жас аралығында 10 балабақшадан бүлдіршіндер қатысты.
Байқау «Мен –бақытты баламын!» тақырыбы аясында өтті. Балалар байқау шарттары бойынша бірінші кезеңде өз –өздерін таныстырып, екінші кезеңде шығармашылық тапсырма бойынша өз өнерлерін көрсетті.
Луначарский көшесіндегі МКҚК «Ақбота» бөбекжайымынан Морева Элизавета қатысып, ІІ жүлделі орынға ие болды.
Элизаветаға болашақта тәрбиелi, бiлiмдi азамат болып өсуiне тiлектеспiз. «Бала — бiздiң болашағымыз», ендеше балалардың күлкiсi шат, өмiрлерi алаңсыз болсын деймiз.
Байқауға дайындық жасауға көмек көрсеткен барлық «Ақбота» бөбекжайының ұжымына, «Пчелки» ортаңғы тобының ата –аналарына және Элизаветаның ата –анасына шексіз алғысымызды білдіреміз!