Текст
Уәлиханов көшесіндегі «Ақбота» бөбекжайында қыркүйек айында даярлық топтарда дене тәрбиесі нұсқаушысыд Кайдар Шаймуратовичтің ұйымдастыруымен «Көңілді мәре» атты спорттық іс-шара өткізілді. Мақсаты: Балаларды дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануға жаппай тарту. Оларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке, төзімділікке үйрету. Қимылды ойындарға деген қызығушылығын арттыру. Іс-шара барысында балалар екі топқа бөлініп сайысқа түсті. Сайыс бес кезеңмен өтті. Іс-шара қызықты өтті, балалар белсенді қатысты.