Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақботаға 15 жыл

10.10.2022

    Қаламыздағы «Ақбота» бөбекжайы – балалардың іскерлік қабілетін дамытып, сапалы білім, саналы тәрбие беруде еңбек етіп келе жатқан кәсіпорынның бірі. 

          Біздің өміріміздің мәні де, сәні де, салтанаты, махаббаты, мәртебесі де – бала. Бала –біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі, келешегіміздің келбеті. Ол - әр шаңырақтың шаттығы, қуанышы, баға жетпес бақыты. Сондықтан бала тәрбиесі – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Баланың  дұрыс өcуі, дұрыс тәлім-тәрбиеге бейімделуі алдымен отбасына, сонан соң бөбекжай мен мектептегі тәрбиеге байланысты. Міне, 2007 жылы 10 қазанда ашылған біздің «Ақбота» бөбекжайына 15 жыл. «Туған күніңмен, Ақбота!»,- дей отырып, өзіміздің бөбекжай туралы айтып өтсем деймін.

              Іргесі 1987 жылы салынған біздің бөбекжай қазірде 265 баланы тәрбиелеп отыр. Бөбекжайымыз көз сүйсініп, көңіл қуанатындай әсем ғимарат. Іші бүгінгі заман талабына сай безендірілген, жиһаздармен жабдықталған. Сыртқы келбеті де үндесіп тұр. Бөбекжайымыздың директоры Бақыт Асылбекқызы - өзінің бала тәрбиесіндегі жас ұрпақты  білім нәрімен сусындатып, ұлағатты да өнегелі тәрбиесімен көпшіліктің ықыласына бөленген білікті ұстаз, ұжымдағы тәрбиешілерге бағыт-бағдар бере білетін іскер басшы. 

           Білім – тамыры терең, танымы мол ерекше ұғым. Ертеңгі күннің еншісі – бүгінгі ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне төгілген тердің өлшемімен таразыланады. Осындай жас мамандарды даярлап, ұстаздық жолға баулып отырған «Ақбота» бөбекжайы ұжымының жұмысы орасан зор. 

        Біздің педагог-тәрбиешілер жұмыс  сапасын арттыру мақсатында аудандық, облыстық көлемінде ұйымдастырылған семинар, кеңестерге, байқауларға қатысып, іс-тәжірбиелермен бөліседі. Бөбекжайымызда оқу-тәрбие жұмыс ғылыми негізінде педагогикалық талаптарға сай өрбуде, мүмкіндігінше халықтық педагогиканы пайдалануға тырысамыз. Топтарда өткізілген әр оқу іс-әрекеті, әр ойынды бала қиялын қанаттандыруға, танымын кеңейтуге, қарым-қатынасын арттыруға көмегі тиетіндей ұйымдастыруға күш саламыз.  «Тәрбие тал бесіктен басталады» дегендей, мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілерінің балаға берілетін білім мен тәрбиелеуде алар орны ешбір дау тудырмайды. Иә, бұл бөбекжай тәрбиешісіне  арналған жылы сөздер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Себебі, тәрбиешілердің көпшілігі - өз мамандығын құлай сүйетін, болащақ  ұрпақтың ертеңін ойлайтын ізгі жандар. Олар әр баланы білімді де білікті, өз Отанын қорғай алатын, туған табиғатына қамқор болатын адамгершілігі мол азамат етіп өсіруді міндетім деп санайды. Осыдан да болар, мектепке дейінгі білім беру жүйесінде  Педагог атын үлкен әріппен жазуға тұратын, алладан ұстаз болып жаратылған, ұстаздықты жаны қалаған – өз мамандығына қалтқысыз берілген, барлық энергиясын, денсаулығын, жүрегін тәрбиеленушілеріне беретін тәрбиешілер барлығы қуантады. Барлық педагогтардың тек өз Отанымыздың білім үрдісімен шектеліп қалмай, әлемдік білім кеңістігіне шығу жолындағы қадамдары бәсекелестіктің бағын ашады деп сенемін.  Ал 15 жасын тойлап жатқан «Ақбота» бөбекжайының ұжымына еңбектеріңіз жаңа берсін демекпіз.

Просмотров: 138


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст