Әрбір ата-ана сәбиінің өмірге шыр ете келгеннен бастап жыл сайын туылған күнін атап өтеді. Әдемі тілектерін білдіріп, қуаныш сыйлауға тырысады. Міне осылайша "Ақбота" бөбекжайының 15жылдығы келіп жетті. Осыдан 15жыл бұрын 2007 ші жылдың 10 -шы қазан айында алғаш рет біздің каламызда мемлекеттік тілде "Ақбота" бөбекжайы өз есігін айқара ашты. Сол сәттен бастап жыл сайын бөбекжайдың туылған күні дәстүрлі түрде аталып келеді. Міне, бүгін де "Акбота" бөбекжайында "Ақботаға 15 жыл" атты мерекелік ойын-сауық өткізілді. Барлық топтар арасында жүргізіліп өткізілді. Кішкентай бүлдіршіндер әсем безендірілген залға келгенде көздерінен қуаныш, бакытты балалық мекеніне келгендерін көруге болады. Мереке "Киндер" сыйлығының көңілді жаттығуынан басталды. Оған ертегі әлемінен келген "Қызыл телпек" кейіпкерінің келуімен жалғасты. Өзінің алып келген "Көңілді шарлар" ойынын ойнатып, Құрбысы"Микки Мауспен" " Арам-зам-зам " биін билетті. "Әуе шарлар" ойынын ойнатты. Туған күндегі торт - бұл тәтті өмірдің басталуының, тілекектердің орындалуының нышаны. "Акбота" бөбекжайына да арнап тәтті торт әзірленіп шығарылды. Балалармен бірге шам-шырақтар үрлеп өшірілді. Торттың жанында құттықтаулар айтылып, жылы тілектерін білдірді. Көңілді билер билетілді. Осылайша "Ақботаның" 15-ші туған күні балалардың естерінде ұмытылмас сәттерін калдырды.