Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар бөбекжай бүлдіршіндерінің ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Дидактикалық ойындар бөбекжайдағы бүлдіршіндердің ұйымдастырылған іс-әрекет үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі. Себебі, ойын, оқу, еңбек, іс-әрекеттерімен бірге балалардың өмір сүруіне маңызды бір түрі. Балалармен жұмысында деңгейлік дидактикалық ойындар көп орын алады. «Ұқсас суретті тап?» дидактикалық ойынның әрекетінде балалар өздеріндегі ұқсас затты көрсетіп, олардың қаңдай сурет екендігін, қонжықтың қолында не бар екендігін түсіндіріп, айта білді. Балалар суреттерді қызығушылықпен орналастырды.