Текст
Күз – бұл ғажайып мезгіл. Күз мезгілі адамның көңіл – күйі секілді құбылмалы. Бірде жаңбыр жауып жатса, енді бір күн шайдай ашылып тұрады. Күз мезгілінде жапырақтар сарғайып, айнала алтын түске боялады. Құстар жылы жаққа ұшып барады. Күн қысқарып, түн ұзарады.
МКҚК "Ақбота" бөбекжайында Айтжанова Алмагуль Сағындыққызының жетекшілігімен мектепалды "Құлыншақ" тобымен таңғы серуенде күз мезгілі жайында әңгімелеп , ойын ойнап күзгі табиғаттың сұлулығымен әсемдігін көре білуге тәрбиелеу болып табылады.