Текст
МКҚК «Ақбота» бөбекжайында қазан айының 18 жұлдызында Республика күні мерекесіне орай «Спорт - денсаулық кепілі» атты әріптестер арасында бөбекжайымыздың дене тәрбиес нұсқаушысы Шайдулин Кайдар Шаймуратовичтің ұйымдастыруымен спорттық іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты педогогтар арасында дене шынықтыруға деген қызығушылықтарын арттыру, ұжым арасындағы қарым-қатынасты нығайту болып табылды. Іс-шара барысында әріптестер "Тұлпар" және "Жұлдыз" атты екі топқа бөлініп, сайысқа түсті. Іс-шара тартымды және өте қызықты өтті. Сайысты қорытындылай келе, сайыскерлерге шағын сыйлық беріліп, марапатталды. Естелік ретінде суретке түсті. Әрқашанда денемізді шынықтырып, салауатты өмір салтын ұстанайық.