2022 жылы қазанның 21- ші жұлдызында МКҚК "Ақбота"(Циалковский көшесі 10) бөбекжайында 25 қазан Республика күніне орай мектепалды "Семицветик" қазақ тіл мұғалімі Гульнара Кабдылсадыққызының ұйымдастырумен
«Менің Қазақстаным – менің болашағым" атты «Жұлдызды сәт» интеллектуалдық сайысы өткізілді. Мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу. Сөйлеу мәнерін қалыптастырып, қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап беруге дағдыландыру.
Сайыс бес кезеңде өткізіліп, бүлдіршіндер екі топқа бөлініп. Сайыс барысында балалар өздерінің туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін көрсете білді. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болар ма?» деп айтқандай балалар «Арқан тартыс», «Ханталапай» қазақтың ұлттық ойындарымен серігіп алды.
Араға 13 жыл салып, қайта оралған бұл күнге ұлттық мереке статусы берілді. Жас ұрпақты елі мен жерін сүюге, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу үрдісінде бұл мерекенің алар орны ерекше. Тәуелсіздікке қол жеткізген 30 жылдан астам уақыт ішінде өркендеп, шекарамызды нығайтып, түрлі ұлттар мен ұлыстар тату-тәтті, бейбіт өмір сүріп жатқан елге айналдық.
Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан- жақты жетілген, ақыл парасаты мол, мәдени ғылыми өрісі озық етіп
тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз.
25 қазан Республика күнімен шын жүректен шыққан ыстық ықыласымды қабыл алыңыздар.
Бұл күн – ата - бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі өркейе берсін.
Сіздерге игілік, барлық бастамаларда сәттілік, ертеңге сенімділік тілейміз!