Ұлттық мерекені ұлықтайық!
25 қазанда Қазақстанның мұқым халқының достығы, төзімділігі, жеткен жетістігі, ұлттық стратегиялық мүддесі мейлінше насихатталып, патриоттық, бүгінгі Қазақстан патриоттығын айқындайтын факторлар әлемге паш етілуі тиіс деп ойлаймын. Тәуелсіздік декларациясын жарияладық, Конституциямызды қабылдадық, ұлттық стратегиялық мүдделерімізді анықтадық. Сондықтан бұл құжаттың маңызын кетіруге болмайды. Оны бірінші кезекке қоюымыз керек. Бұл күн тәуелсіздігіміздің күні болуы тиіс. Нақтырақ айтқанда, 25 қазан Тәуелсіз Республика декларациясы қабылданған мейрам күні болуы керек. Сіздерді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы мереке – Республика күнімен құттықтаймыз! Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Мереке қарсаңында «Ақбота» бөбекжайында ауқымды іс-шара ұйымдастырылды. Балалардың патриоттық сезімдерін арттыру мақсатында тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай тәрбиеленушілерге, яғни жаңа буын өкілдеріне өсіп келе жатқан балаларға Тәуелсіздік туралы көптеген мәліметтерді бере отырып, ортаңғы топ балалар арасында сурет, қолөнер сайыстары ұйымдастырылса, ересек топтарда балалар мәнерлеп өлең оқып дипломдармен марапатталды. Елімізде тұрып жатқан әр ұлттың өнерімен, киімін көрсетіп, үлкен дастархан жайылды. Міне, біз бөбекжай ішінде тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру арқылы балаларға Отансүйгіштікті тәрбиелей аламыз.
25 қазан Республика күніне орай шын жүректен шыққан ыстық ықыласымызды қабыл алыңыздар. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сізге игілік пен бақыт, бақ - дәулет, ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларың сәтті болсын!
Еліміздің мәртебесі биіктеп, әлемге шарықтай беруіне деген ыстық ықыласымды жеткіземін. Еліміздің дәулеті, жеріміздің сәулеті жолындағы игілікті істеріңіз табысты болсын! Бұл күн – ата - бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі өркейе берсін.
Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, сәтті күндер, зор жетістіктер тілеймін. Сіздерге игілік, барлық бастамаларда сәттілік, ертеңге сенімділік тілейміз!
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының әдіскері Исина Б.С