Текст
Уәлиханов көшесіндегі " Ақбота" бөбекжайындағы "Балбөбек" санаторлық тобында "Қоршаған ортамен танысу" ұйымдастырылған іс-әрекеті өткізілді. Балалар гүлдердің атауларымен, сырт келбетімен, жеке бөлшек атауларымен танысты. Топ гүлдерінің шаңын сүртіп, қопсытып, су құйды. Содан соң, дәстүрлі емес әдіс-тәсілдер арқылы саусақтың ұшымен, ермексазды созу арқылы гүлдер жасады. Бұл әрекет бүлдіршіндерге саусақ моторикасын дамытуға пайдасын тигізді, әрі балаларға ұнады, қызығушылықпен орындай бастады. Ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты: әдемілікті сезіне білуге, табиғатты, гүлдерді қорғауға, адамгершілікке, еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу болып табылды.