Текст
"Акбота" бөбекжайында Республика күні қарсаңында ортаңғы "Нұрсәуле" тобымен "Жаса менің елім" атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты балаларды өз елін, жерін сүюге қадірлеуге, бағалап мақтан етуге үйретіп тәрбиелеу болып табылады. Осы мақсатта көптеген іс шаралар жүргізілді. Іс-шара мемлекеттік Гимнімен ашылып, 13 жылдан кейін оралған ұлттық мереке Республика күні туралы ақпарат айтылды. Балалар еліміздің Туы мен Елтаңбасын сипаттап шықты. Қойылған сұрақтарға толық жауап бере алды. "Менің Қазақстаным"әні айтылып, "Ту" қимылды ойынын ойнады және "Қара жорға" флешмобын биледі. Балалар қызығушылық танытып, белсене қатысты.