Балалар жылы аясындағы "Балауса балғын -таланттар" атты "Ақмола жұлдыздары - 2022" аудандық халық шығармашылық байқауына Уәлиханов көшесіндегі "Ақбота" бөбекжайы қатысып, дайындаған бағдарламасын ұсынып, марапаттауларға ие болды. Айта кетсек:
1. Пролог "Ертегі әлемі"
Жетекшісі бөбекжай педагогы Бейсенова Шолпан Муратбековна үздік өнер көрсеткені үшін Дипломмен марапатталды. Орындаушы "Балбөбек" санаторлық топтың бүлдіршіні Мұхамедрақым Аяулым үздік өнер көрсеткені үшін Дипломмен марапатталды. Сонымен қатар бөбекжай ұжымы дипломмен марапатталды.
2.Мәнерлеп оқу бөлімінде қазақ тілі мұғалімі Дүйсембай Аружан Бауыржанқызы Кеңшілік Мырзабековтың "Баламын әлі" атты өлеңін оқып үздік өнер көрсеткені үшін Дипломмен марапатталды.
3. "Мен тәтті" балалар әнімен мектеп алды "Қошақан" тобының тәрбиеленушісі Оралова Айлин белсене қатысып, Мадақтамаға ие болды.
4. "Жас ұландар"би тобының орындауында "Батырлар" биінің катысушылары
Жамбыл Алихан
Қайролла Асанали
Хибрат Радмир
Даиров Даирбек
Жұмабай Омар
Шоқан Жантөре Мадақтамалармен мадақталды.
5. Ән "Бақыт деген" әні Б.Жұмалин, сөзі М.Мақатаев орындаушы бөбекжайдың музыка жетекшісі Шайкенова Әсемгүл үздік өнер көрсеткені үшін Дипломмен марапатталды.
Осы балаларды дайындаған музыка жетекшілеріне, тәрбиешілерге, көрме жұмысына бір кісідей ат салысып, белсене қатысқан және өнерлі балаларымыздың ата-аналарымызға айтар алғысымыз шексіз. Бөбекжайдың қол өнер көрмесіне жауапты тәрбиешілер Рспекова А.К, Қасқырбаева Ж.Ж Дипломдармен марапатталды. Белсенділік көрсетендеріңіз үшін шын жүректен рахмет. Өнерлеріңіз биіктерден көрініп жүрсін деп тілегімізді білдіреміз.