20 қараша күні Щучинск қаласының №4 орта мектебінің «Гүлдер» шағын орталығының ұйымдастыруымен өткен аудандық "Екі жұлдыз" байқауына МКҚК "Ақбота" бөбекжайынан 3 талапкеріміз қатысты. Циалковский көшесіндегі «Ақбота» бөбекжайынан тәрбиеші Кульгажинова Жанаргүл Ерболатқызы мен «Знайки» тобының тәрбиеленушісі Бондарева Софья, Луначарский көшесіндегі «Ақбота» бөбекжайынан Садвакасова Гульнур Муратовна мен "Жұлдыз" тобының тəрбиеленушісі Тілеухан Айзере , Уәлиханов көшесіндегі «Ақбота» бөбекжайынан тәрбиеші Балтабекова Арайна мен «Ботақан» тобының тәрбиеленушісі Бақытжанқызы Асылым қатысып, өз өнерлерін ортаға салып, бақ сынасты. Циалковский көшесіндегі «Ақбота» бөбекжайынан тәрбиеші Кульгажинова Жанаргүл Ерболатқызы мен «Знайки» тобының тәрбиеленушісі Бондарева Софья І жүлделі орынға ие болса, «Ақбота» бөбекжайынан тәрбиеші Балтабекова Арайна мен «Ботақан» тобының тәрбиеленушісі Бақытжанқызы Асылым ІІ орынды иеленді. Ал, Луначарский көшесіндегі «Ақбота» бөбекжайының Садвакасова Гульнур Муратовна мен "Жұлдыз" тобының тəрбиеленушісі Тілеухан Айзере «Сымбаттылық» номинациясымен марапатталды. Әріптестерімізді жеңістеріімен шын жүректен құттықтаймыз!!!Биік белестерге жете беріңіздер!!! «Ақбота» бөбекжайының рухын биіктете беріңіздер!!